Дәріс 15

Магистрлік диссертацияның құрылымы мен құрылымдық элементтерін рәсімдеу (2 сағат)

 

Дәрістің мақсаты: білім алушыларға магистрлік диссертацияны рәсімдеу ережелерімен таныстыру.

 

Дәрістің жоспары:

1. Магистрлік диссертацияның мазмұны мен құрылымы.

2. Магистрлік диссертацияны ресімдеу ережесі.

3. Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну тәртібі.

 

1. Магистрлік диссертацияның мазмұны мен құрылымы.

Магистрлік диссертация жаңа факторларды, құбылыстарды сипаттайтын немесе бұрын белгілі ережелерді басқа ғылыми ұстанымдармен жаңаша перспективалы аспектіде жинақтауды қамтитын принципті түрдегі жаңа материалды қамтуы тиіс.

Магистрлік диссертацияның мазмұны ғылыми зерттеудің бастапқы алғышарттарын, оның барысы мен алынған нәтижелерін көрсетуі тиіс. Магистрлік жұмыс тұжырымдамасының пайдасына айқын дәлелдер келтірілуі тиіс. Оған қайшы келетін көзқарастар жан-жақты талданып, сыни бағалануы тиіс.

Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтері:

- титул парағы (2-қосымша));

- қазақ тілінде бір бет көлемінде түйіндеме-орыс тілінде қорғалатын жұмыстар үшін / орыс тілінде түйіндеме-қазақ тілінде қорғалатын жұмыстар үшін;

- бет көрсетілген мазмұны;

- қысқартулар, символдар, белгілер тізбесі (қажет болған жағдайда);

- кіріспе;

- бөлімдерден, бөлімшелерден тұратын негізгі бөлім;

 - қорытынды;

 - пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- жарияланымдар көшірмелері;

- қосымша (факультативті).

Түйіндемеде өзектілігі туралы мәліметтер, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің негізгі идеялары мен қорытындылары, алынған нәтижелердің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы, магистрлік диссертацияның көлемі мен иллюстрациялық материалдың саны туралы мәліметтер жазылуы тиіс.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, әдістері, ғылыми жаңалығы, иллюстрациялық материалдың көлемі мен саны туралы мәліметтер, тәжірибелік және теориялық маңыздылығы көрсетілуі тиіс.

Қорытындыда диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар баяндалуы тиіс.

 

2. Магистрлік диссертацияны ресімдеу ережесі. Магистрлік диссертацияны ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің диссертацияларға қойылатын талаптарына жауап беруі тиіс.

Библиографияны ресімдеу диссертацияларға қойылатын критерийлерге жауап беруі тиіс (3-қосымша). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі отандық және шетелдік ғылым көздерін, материалдарын қамтуы қажет. Магистрант магистрлік диссертацияны орындау барысында шет тіліндегі дерек көздерімен жұмыс істеуге міндетті. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 50-ден кем емес дерек көздерінен тұруы және олардың 10%-ын соңғы бес жылдағы шет тіліндегі ақпараттар құрауы тиіс.

Магистрлік диссертация А4 форматындағы ақ қағаз парағының бір жағында бір интервал арқылы Times New Roman шрифтімен, 14 кегльмен, сол жағы - 30 мм, оң жағы - 10 мм, жоғарғы жағы - 15 мм, төменгі жағы – 20 мм өрісте компьютерлік тәсілмен орындалуы тиіс. Магистрлік диссертацияның көлемі – техникалық және жаратылыстану білім беру бағдарламалары үшін 45 беттен кем емес және гуманитарлық білім беру бағдарламалары үшін 60 беттен кем емес. Бейіндік магистратура үшін магистрлік жобаның көлемі техникалық және табиғи білім беру бағдарламалары үшін 40 беттен кем емес және гуманитарлық білім беру бағдарламалары үшін 50 беттен кем болмауы тиіс.

Диссертация бөлімдерінің тақырыптарын жолдың ортасына бас әріптермен, соңына нүкте қоймай жазу керек. Кіші бөлімдердің тақырыптарын абзацтық шегіністен (4-ші әріптен басталады) бастау керек және соңында нүкте қоймай, астын сызбай бас әріппен теру керек. Кіші бөлімдер бір-бірінен бір интервалмен бөлінеді.

Диссертацияның беттері араб цифрларымен нөмірленеді, нөмір өтпелі, 1 нөмірі қойылмайтын бірінші титулдық парақтан басталады. Беттің нөмірі беттің төменгі жағына ортасында қойылады.

Иллюстрациялар (графиктер, схемалар, фотосуреттер) олар туралы мәтінде ескертілгеннен кейін тікелей орналастырылады. Иллюстрация "сурет" сөзімен және оның нөмірімен белгіленеді, нөмір суреттің астына орналастырылады (4-қосымша). Әрбір иллюстрацияның атауы болуы керек, ол суреттің астында орналасады. Мысалы, " Сурет 1. Сенсорлардың түрлері". Қажет болған жағдайда иллюстрацияның астына түсіндірме деректер орналастырылады. Барлық диссертация көлемінде иллюстрациялар (араб цифрларымен) ретімен нөмірленеді. Мәтінде әрбір иллюстрацияға сілтемелер берілуі міндетті.

Сандық материал кесте түрінде ресімделеді, олар араб цифрларымен нөмірленеді. "1-кесте" сөзі (немесе басқа нөмір бойынша) кестенің үстінде абзац  арқылы орналасады. Кейін кестенің атауы (4-қосымша) беріледі.

Формулалар мен теңдеулер мәтіннен бөлек жолға жазылады. Формуланың жоғары және төменгі жағынан бір бос жол қалдырылады. Формулалар мен теңдеулер барлық диссертация шегінде дөңгелек жақшада араб цифрларымен нөмірленеді.

Пайдаланылған әдеби көздерге сілтемелер араб цифрларымен шаршы жақшада реттік нөмірмен нөмірленеді.

Магистрлік диссертацияны қорғау алдында кешенді емтихан өткізіледі, ол диссертация қорғалғанға дейін 1 ай бұрын өткізілуі тиіс.

 

3. Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну тәртібі. Белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген магистрлік диссертация алдын-ала қорғау рәсімінен өтуі және ғылыми жетекшінің "қорғауға жіберілді" немесе "қорғауға жіберілмеді" деген дәлелді қорытындысын көрсете отырып, пікір алу үшін шығарушы кафедраға ұсынылуы тиіс.

Ғылыми жетекшінің беретін қорытындысына қойылатын талаптар:

-     диссертацияның ғылым саласы мен білім беру бағдарламаларына сәйкестігі;

-     жұмыстың өзектілігінің сипаттамасы;

- қойылған мәселелерді шешудің толықтығы, тереңдігі мен түпнұсқалығы сипаттамасы;

- жұмыстың қорғауға дайындығын бағалау.

Магистрлік диссертация авторға және дереккөзге сілтеме жасамай-ақ магистрлік диссертацияларды плагиат тұрғысынан тексеру бойынша сараптау комиссиясында немесе ҰҒТСО міндетті түрде тексеруден өтеді.

Магистрлік диссертацияны қорғау төмендегі талаптар болған жағдайда жүзеге асады:

- ғылыми жетекшінің оң пікірі;

- диссертация тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарда кемінде бір жарияланым немесе халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияда жасалған баяндама;

- бітіруші кафедраның қорғауға ұсыныстар туралы шешімі (кафедра отырысының хаттамасынан үзінді);

- диссертацияға жан-жақты сипаттама және тиісті білім беру бағдарлама бойынша магистр академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды берілетін, біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін рецензенттің бір рецензиясы;

- плагиат мәніне магистрлік жұмысты тексеру нәтижелері бойынша шешім (хаттамадан үзінді) немесе ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының анықтамасы/сертификаты .  Егер ғылыми жетекші және/немесе шығарушы кафедра "қорғауға жіберілмейді" немесе "қорғауға ұсынылмайды" деген теріс қорытынды берген жағдайда магистрант магистрлік диссертацияны қорғамайды.

Плагиатқа тексеру кезінде магистрлік диссертациялар үшін түпнұсқалық дәрежесі 75 пайыздан кем болмауы тиісті. Магистрлік диссертация осы талапқа сәйкес келмеген жағдайда магистрант кейбір көшіріп алынған материалды жойғаннан кейін немесе тексеру кезінде көрсетілген көшіріп алу көзіне сілтеме енгізілгеннен кейін тағы бір қайта тексеруге құқылы.

Егер екі тексеруден кейін магистрантқа дереккөзге сілтеме жасалмай, көшіріп алу деңгейі жоғарылығы туралы анықтама берілсе, онда магистрант қорғауға жіберілмейді. Магистрантты қайта қабылдау ақылы негізде қорытынды аттестаттау кредиттерін игеру арқылы келесі оқу жылына ғана мүмкін болады.

Магистрлік диссертацияны қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Бұл ретте күніне 6-8 магистрант қорғауға жіберіледі.

Магистрлік диссертацияны қорғау МАК-тың ашық отырысында оның кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.

Магистрлік диссертацияны қорғау үшін магистрант МАК алдында кемінде 10 минут баяндама жасайды.

Диссертацияны қорғау ғылыми пікірталас сипатында болуы және жоғары талапшылдық, принципшілдік және ғылыми этиканы сақтау жағдайында өтуі тиіс.

Магистрлік диссертацияны комиссия келесі критерийлерді ескере отырып бағалауы тиіс:

- орындалған жұмыс көлемі;

- зерттеудің дербестігі;

- әдеби шолудың толықтығы және қолданылған дереккөздердің барынша жаңа, соңғы жылдардағы мерзімді қамтитындығы;

- алынған нәтижелерді ғылыми зерттеулерде, практикалық жұмыста немесе оқу процесінде қолдану мүмкіндігі;

- материалдарды баяндаудың сауаттылығы мен айқындығы;

- диссертацияны қорғаудағы баяндама сапасы (айқындылығы, сауаттылығы, кәсіби терминдерді қолдана білу, демонстрациялық материалдың сапасы және т. б.).);

- қорғау кезінде қойылған сұрақтарға және рецензенттің ескертулеріне жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы.

Магистрлік диссертацияны қорғау нәтижелері 5-қосымшаға сәйкес, әрбір магистрантқа жеке хаттамамен ресімделеді. МАК шешімі 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.

Магистранттарды қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін МАК төрағасы магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есеп жасайды және екі апта мерзімде оны ЖОО басшысына ұсынады.

Магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есепке кестелер мен түсіндірме жазба кіреді.

Кестеде осы Ереженің 7-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер көрсетіледі.

Түсіндірме жазбада:

1) жоғары оқу орнындағы осы білім беру бағдарламасы бойынша магистранттардың дайындық деңгейі;

2) кешенді емтиханда анықталған білім алушылардың білім сипаттамасы;

3) осы білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарды дайындау сапасын талдау;

4) магистрлерді даярлаудағы кемшіліктер;

5) магистрлік диссертациялар тақырыбының ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жағдайына және өндіріс сұраныстарына сәйкестігі;

6) магистрлік диссертацияларды орындау сапасы;

7) ғылыми жетекшінің пікірінің, ресми рецензенттің рецензиясының магистрлік диссертацияларды қорғау деңгейіне сәйкестігі;

8) магистранттарды даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсынымдар.

Магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есепке МАК төрағасы қол қояды, ЖОО ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.

Университет магистратурада білім алушыларды қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін бір ай мерзімде білім беру саласындағы уәкілетті органға магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есеп береді.

МАК төрағасының есебіне магистратура бағдарламасын бітірген түлектер тізімі қоса беріледі және берілген дипломның нөмірі көрсетіледі.

МАК жұмысы аяқталғаннан кейін барлық хаттамалар белгіленген тәртіпте ЖОО мұрағатына сақтауға ұсынылады.

Магистрлік диссертациялық жұмысты бағалау туралы, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесін беру және мемлекеттік үлгідегі диплом беру туралы шешімдер МАК шешімімен және магистрлік диссертацияны қорғаған күннен бастап отыз күндік мерзімде қабылданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Физика кафедрасы

 

 

 

 

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

 

Электромагниттік өрістерде зарядталған бөлшектер ағынының қозғалысын компьютерлік модельдеу

 

 

 

Орындаушы ____________________________________________Т.А.Ә.

 

 

Ғылыми жетекші _______________________________________Т.А.Ә.

 

 

 

 

Қорғауға жіберілді

 

Кафедра меңгерушісі    ______________________________________Т.А.Ә.

 

«_____»  _________________________20__ ж.

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе

2020

 

Қосымша 3

 

Картинки по запросу "Нанотрубки""

 

1-сурет. Көміртекті нанотүтік

 

 

1-кесте. Тестілеу нәтижелерін бөлу

 

 

№ п/п

 

 

Тестілеу

І курс

ІІкурс

ІІІ курс

 

Өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

қанағаттанарлықсыз

Өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

қанағаттанарлықсыз

Өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

қанағаттанарлықсыз

 

 

 

1

Күш қабілеті

3,2

12,1

36,3

48,4

3,1

10,7

27,4

58,8

2,1

11,0

26,4

60,5

 

2

Жалпы төзімділік

6,6

14,2

29,5

49,7

6,3

12,9

26,9

53,9

6,3

12,9

24,4

56,4

 

3

Икемділік

55,8

14,5

15,2

14,5

60,0

15,6

16,0

8,4

60,4

15,9

16,1

7,6

 

4

Ептілік

26,1

31,4

40,7

1,8

26,1

30,2

41,1

2,6

26,0

30,9

40,4

2,7

 

5

Жылдамдық

14,0

16,4

47,8

21,8

15,4

16,7

49,2

18,7

14,5

13,5

53,1

18,9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 4

Нормативтік-құқықтық құжаттар

Ресми құжаттың атауы (Заң, Қаулы, Жарлық және т.б.): атауға қатысты  жылы. - басылым нөмірі (журнал үшін), күні және айы (газет үшін). – бірінші және соңғы беттер.

 

мысалы:

Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі Үкімет комиссиясы туралы [Мәтін]: РФ Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 451 қаулысы / заңнама жиналысы. – 2003. - № 31. – 3150-бап.

 

Патенттер

мысалы:

Пат. 33327. Қазақстан Республикасы. /Шункеев К. Ш. жеңіл катиондармен белсенділендіру жолымен KCl-Na люминесценциясын күшейту тәсілі; өтініш беруші және патент иесі. Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ. - 30.11.2018. – 4 б.

Кітаптар

мысалы:

 Сармурзина Г. А. Қазақстанның қазіргі тарихы. - Алматы: ҚазҰТЗУ, 2016. - 123 c.

 

Диссертацияның авторефераты

Авторы. атауы: атауына байланысты мәліметтер (тақырыпты қараңыз): ғалымдардың мамандықтары номенклатурасының коды: қорғау күні: мақұлдану күні / жауапкершілік туралы хабарлама (ұжым). - Aesto жазу. -Көлемі.

мысалы:

Абиев С.А. Ржавчинные грибы злаковых растений Казахстана: 03.00.00: 30.10. 1994.– Алматы, 1994. – 30 с. 

Журналдағы мақала

мысалы:

А.К. Жубанов. Есет Құдайбергенұлы Жұбанов – қазақ тіл білімінде өзіндік орны бар тұлғалардың бірі // Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ Хабаршысы. – 2019. -№3. –Б.104-112

Газетке шыққан мақала

Автор.  мақала атауы: тақырып бойынша мәліметтер / жауапкершілік туралы мәліметтер (мақала авторы) // Газеттің атауы. - Шығарылған жылы. - Шығарылған күні мен айы –  - Мақаланың орналасқан жері (беттер) –

мысалы:

Альжанова А. 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні: Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер // Егемен Қазақстан. – 2017. - № 143. – Б.  9.

 

Қосымша 5

ХАТТАМА № _____
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысы

 

"___"_________ 20__ ж.  ____ сағ. ____ мин. бастап  ____ сағ. ____ мин.дейін

Магистранттың магистрлік диссертациясын қарастыру бойынша________
__________________________________________________________________
               (тегі, аты, әкесінің аты, мамандығы)
__________________________________________________________________
тақырыбы: __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қатысқандар:
Төраға:
__________________________________________________________________
                                (тегі, аты, әкесінің аты)
Мүшелері:
__________________________________________________________________
                      
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты)
Магистрлік диссертация _____________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________
                                    (тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми немесе академиялық дәрежесі)
ғылыми басшылығымен орындалған.

 

Рецензент __________________________________________________________________
         (
тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жұмыс орны, қызметі)

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына мынадай материалдар берілді:

1) магистрлік диссертация ______ бетте;

2) магистрлік диссертацияның сызбалары, кестелері _____парақ;

3) магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісінің қорытындысы __________________________________________________________________;
                    ("
қорғауға жіберілгенін" көрсету)

4) бітіруші кафедраның шешімі  ______________________________________
                                     (
кафедраның атын және ___________________________________________________________________________________;
диссертацияны қорғауға ұсынылғанын немесе ұсынылмағанын көрсету
)
5) Магистрлік диссертацияға берілген бағасы көрсетілген _____________
__________________________________________________________________;
                
(рецензенттің бағасы көрсетіледі)
Орындалған магистрлік диссертация туралы хабарлама жасалғаннан кейін

______ минут магистрантқа келесі сұрақтар қойылды:
1._________________________________________________________________
            (комиссия мүшесінің аты-жөні және қойылған сұрақ)
2._________________________________________________________________
            (комиссия мүшесінің аты-жөні және қойылған сұрақ)
3._________________________________________________________________
            (комиссия мүшесінің аты-жөні және қойылған сұрақ)
4._________________________________________________________________
           
(комиссия мүшесінің аты-жөні және қойылған сұрақ)
5._________________________________________________________________
            (комиссия мүшесінің аты-жөні және қойылған сұрақ)

Магистранттың қойылған сұрақтарға жауаптарының жалпы сипаттамасы __
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Магистрлік диссертацияны қорғау барысында магистрант ___________
__________________________________________________________________
(жалпы теориялық және арнайы дайындық бойынша қандай білім деңгейі бар екенін)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Магистрант магистрлік диссертацияны орындап, қорғады (бағасымен)_______________________________________________________
    
(білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағалау)

Комиссия мүшелерінің айрықша пікірлері ______________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

    

      Төраға                      __________________________ (қолы)
      Комиссия мүшелері  ________________________  (қолдары)
                                         ________________________    (қолдары)
      Хатшы                         _________________________(қолы)

  

 

 

Қосымша 6

ХАТТАМА № ______
      Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі

 

"___"_________ 20__ ж.  ____ сағ. ____ мин. бастап  ____ сағ. ____ мин.дейін

«магистр»  академиялық дәрежесін беру туралы

 

Қатысқандар:
Төраға
__________________________________________________________________
                                                               (тегі, аты, әкесінің аты)
Мүшелері:
__________________________________________________________________
                                                              (тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                                             
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                                             
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                                             
(тегі, аты, әкесінің аты)
Магистрант __________________________________________________________
                                    
(тегі, аты, әкесінің аты, мамандық)

Кешенді емтихандарды тапсырып, магистрлік диссертациясын қорғады, бағаланды:_________________________________________________________
(кешенді емтихан, магистрлік диссертация, білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағалау, тапсыру күні)

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Магистрант кешенді емтихан тапсырып, магистрлік диссертациясын қорғады деп мойындалсын.

Магистрант __________________________________________________________________
                                                                   (аты-жөні)
(мамандығы)____________________________________________________
                                               (мамандықтың коды мен атауы)
__________________________________________________________________

білім беру бағдарламасы бойынша "магистр" академиялық дәрежесі берілсін.

Комиссия мүшелерінің айрықша пікірлері _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом берілсін.  

    

Төраға  ____________________________ (қолы)
      Комиссия мүшелері __________________________ (қолдары)
                                         __________________________ (қолдары)
      Хатшы                       __________________________ (қолы )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қосымша 7

 

Кесте 1

Магистрлік диссертацияны қорғау нәтижелері

____________________ жыл үшін

 

ЖОО атауы __________________________________________

білім беру бағдарламасы  __________________________________

 

Қорытынды  аттестаудың түрі

Қорытынды аттестат

тауға жіберіл

гендер саны

Тапсырғандар саны

Соның ішінде:

 

90-100%

70-90%

50-70%

Менее 50%

Орташа

балл

келмегендер

 

% сапа

% үлгерім

Диссертация қорғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 2

Түлектерді қорытынды аттестаттаудың жалпы нәтижелері

 _______ жыл үшін

 

ЖОО атауы___________________________________________

білім беру бағдарламасы ___________________________________

 

ҚА-ға жіберілгендердің саны

ҚА-ға

келмегендердің саны

ҚА-ны тапсырғандар саны

Олардың ішінде

50%-дан төмен балл алғандар

Орташа балл

Тек 90-100%

Тек 70-100%

Жалпы балл

Тек  50-70%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 3

 

Салыстырмалы талдау

 

Көрсеткіштер

Алдыңғы кезең

Есепті кезең

% сапа

 

 

% үлгерім

 

 

Орташа балл